«Тағы да шу!». Зейнетақы қоры қаржы құйған шетел компаниялары шетінен жабылып жатыр

Естеріңізде ме, бұдан бұрын Зейнетақы қорын «құтқаруға» келген Келімбетов не деп еді? Халықты жағдайдың жаман еместігіне, Әзірбайжан банкіне салынған қаражаттың қайтарыларына сендірген еді ғой. Өтірік болып шыққан ба?

Шетелдегі проблемалық активтер әлдеқайда көп болып шықты. Күні кеше КТК жаңалықтарын көріп отырып жағамызды ұстадық.

Зейнетақы қорының 600 миллион теңгесі Бразилиядан қайтпай қалған.

 Осынша қаржы құйылған компания аяқ астынан жабылыпты!Ал Лондон сотында қордың 12 миллиард 500 миллион теңгесіне қатысты мәселе әлі қарастырылып жатыр. Қалай болғанда да, қордың жалпы 40 миллиардтан астам проблемалық активтерінің түгелдей қайтатынына күмән бар. Өйткені, дефолттық компаниялардың қарызды өтеуге ақшасы жетпейді екен. 

 Қазір зейнетақы қорының 40,5 миллиард теңге проблемалық активі бар. Бұл – 21 эмитенттің берешегі. Ал сол компаниялар қарызын қайтаруға құлықсыз. 

 Тіпті, сот шешімі шықса да, оны пысқырып жатқандары шамалы.Сондықтан қор Ұлттық банк пен Бас прокуратураның көмегімен дефолттық компаниялармен күресті күшейтіп жатыр. Ал проблемалық активтердің қазіргідей қиын жағдайға жетуіне жеке зейнетақы қорлары кінәлі көрінеді.“Бұл проблемалық активтер бізге жеке зейнетақы қорларынан мұра ретінде берілді. Ал олар қарызды қайтару үшін ешқандай жұмыс істемепті. Компаниялардың берешекті өтеуін талап етпеген”, – дейді БЖЗҚ басқарушы директоры Мәулен Өтеғұлов. 

 Әзірбайжан өз алдына

 Әзірбайжандағы 71 миллиардтан бөлек, енді Бразилиядан да қайтпай жатқан ақша бар екен. Проблемалық активтердің 600 миллионы осы елдегі компанияға аударылған. Бастапқыда сенімді болып көрінген SAMARCO Mineracao кәсіпорны күтпеген жерден тақырға отырыпты. Ал, қазір онда қайта құрылымдау жүргізіліп жатыр. 

 “Сотқа дейінгі реттеу жұмысын жүргізу нәтижесінде, қор аталған компаниямен хат алмасу арқылы, келіссөздер жүргізу арқылы компанияның банкротқа ұшырамауына күш салып жатырмыз” 

 – дейді БЖЗҚ заң департаментінің бас маманы Ақмарал Мұхамедова.Ал, 12,5 миллиард теңге проблемалық активтің қайту-қайтпауы Лондон сотында белгілі болмақ. Бұл «Қазақстан қағазы» компаниясына аударылған инвестициялар. Кәсіпорын өз еліміздікі болғанымен, оның акционерлері шетел компаниялары. Істің сыртта қаралып жатқаны да сондықтан. Ал, Лондон соты зейнетақы қорының пайдасына шешім шығарғанымен, активтердің түгелдей қайтуы екіталай.“Егер қордың талаптары, несие берушілердің талаптары қанағаттандырылған жағдайда да, белгілі бір қиындық туындап тұр. Аталған компанияның барлық несие берушілердің талаптарын қанағаттандыруға мүлкі жетпеуі мүмкін”, – дейді БЖЗҚ заң департаментінің бас маманы Ақмарал Мұхамедова.Қалған 13 эмитент қор алдындағы қарызын өтеуге сот шешімімен міндеттелген. Бірақ, олар да жалпы соммасы 8,8 миллиард теңгені қайтаруға асығар емес. Бұл ретте жеке сот орындаушылары да ісіне салғырт қарап отыр дейді қор басшылары. Бұған қоса, қазір 3,4 миллиард теңге қарызы бар «Имсталькон» компаниясының банкроттық туралы ісі қаралып жатыр. Ал, 21 эмитенттің бесеуі түгелдей тақырға отырған. Олар қорға 15 миллиардтан астам теңге қарыз. Оның да түгелдей қайтпасы анық.Алайда, зейнетақы қоры тек отандық емес, шетелдік компаниялармен де соңына дейін күресеміз деп отыр. Ал проблемалық активтерге қатысты қиын жағдайдан салымшылар зардап шекпейді деп сендірді. Өйткені жұрттың айлықтан жырып беріп отырған ақшасының сақталуына мемлекет кепілдік береді. 

 Естеріңізде ме?..

 Иә, естеріңізде шығар, мұның алдында БЖЗҚ директорлар кеңесінің құрамына енген Қайрат Келімбетов әзербайжандық банктің облигацияларына салынған қаржыны толық көлемде қайтаруға қатысты екенін атап өткен болатын. «Бұл қаржы қайтарылады», — деген Келімбетов.Сөйтсек оның сөзінің астарында одан да сорақы жайттар жасырынып жатыпты. Келімбетов неге Бразилиядағы жағдай туралы жақ ашпаған. Ақышев ше? Бас қаржыгер бұл туралы не ойлайды?Айналып келгенде, халықтың ақшасы қайда? 

жаналык
3
0 GOLOS
0
В избранное
oralsyn
На Golos с 2016 M10
3
0

Зарегистрируйтесь, чтобы проголосовать за пост или написать комментарий

Авторы получают вознаграждение, когда пользователи голосуют за их посты. Голосующие читатели также получают вознаграждение за свои голоса.

Зарегистрироваться
Комментарии (1)
Сортировать по:
Сначала старые